Академия басшылығымен курсанттардың кездесуі

Жазғы емтихан сессиясының қорытындысын шығару үшін және жаңа оқу жылының басталуына байланысты ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов және Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасов 4-курс жеке құрамымен кездесу өтікізді.

Кезекті кездесу барысында 4-курс бастығы полиция майоры М.С.Мурзагалеев басшылық құрамды курсанттардың оқу семестріндегі үлгерімінің есебімен таныстырды. Кәсіби дайындық факультетінің бастығы Г.Т.Кульжанова жазғы емтихан сессиясының қорытындысын жариялап, жаңа оқу жылының жоспары талқыланды. Академия бастығы оқу процесінің мәселелерін көтерді, оқу орнының қабырғасында жоғары және сапалы білім алатын әрбір курсант ішкі істер органдарының лайықты қызметкері болуы, өзінің қызметтік міндеттеріне саналы түрде қарауы және тәртіпті сақтауы тиіс екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Академия басшылығы коронавирустық инфекцияға байланысты санитарлық-эпидемиялогиялық шараларды сақтап, курсанттарды денсаулықтарына абай болуына шақырды.

А.Сайлау полиция қатарындағы 4-курс курсанты