Академия басшылары лагерде

Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Е.Т Қаппасов, Академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Ж Нұрышов, Академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі О.Т Сейтжанов және Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қ.Ж Айтқұлов жас курсанттармен кездесті.

Кездесу барысында басшылар өз ойларын, ақ тілектерін, ақыл-кеңестерін ортаға салып, курсанттармен етене жақын танысты. Таныса отырып, жаңадан келген курсанттарға курсанттық өмірден сыр шертіп, Академияның тыныс-тірішілігін айтып берді. Әңгіме барысында академияның ұранына айналған «Міндет, абырой, ерлік» сөзін қастерлеп, осы ұранға лайықты болуларын айтып өтті.

Кездесу соңында курсанттар Академия басшылығымен   естелікке фотосуреттерге түсті.