Академия ардагерлерімен кездесу

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңінде жатыр. Сол бір тамаша дәстүр күні бүгінге дейін Академияда өз жалғасын тауып келеді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы айтулы күндерді ешқашан ұмыт қалдырған емес.
2019 жылдың 4 қарашасында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары кафедрамызға көп жылдар бойы еңбегі сіңген ардақты ардагерлер запастағы полиция полковнигі Александр Валерьянович Видершпанды, запастағы полиция полковнигі Дәурен Болатұлы Тойматаевты және запастағы полиция подполковнигі Қанат Ақанұлы Жұмабаевты құрметті қонақтар ретінде шақыртумен Академия қабырғасында курсанттарға «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында тәрбиелік сағат өткізді. Тәрбиелік сағат барысында 2-курстың курсанттарымен ардагерлер өздерінің полиция қатарында және Академияда атқарған қызметтері, көрген қуаныштары мен қиыншылықтары жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар ардагерлер өздері күш-қайратын салып, талай жылдар бойы еңбек еткен Академияға қашан да аса үлкен сағынышпен келетіндігін жасырмады. Ардагерлерге кездесу соңында кафедра оқытушылары бұрынғы әріптестеріне, қазір жақын туысындай болып кеткен достарына құрмет көрсетті.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұжымы