Академияға полицияның жас көмекшілері жасағы келді

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында сонымен қатар «Жасөспірімдер академиясы» жобасы шеңберінде, 2020 жылдың 1 ақпанында курс басшылары және идеологиялық жұмыс бөлімшесінің қызметкері Қашар полиция бөлімінің кәмелетке толмағандарының істері жөніндегі инспекторы полиция капитаны Е. Барабаевпен бірігіп № 1 Қашар орта мектебінің оқушыларына, «БЕРКУТ» жасағының полиция көмекшілеріне ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аумағында таныстыру жұмыстар өткізді.

Академия қабырғасына келген полиция көмекшілері ең алдымен курсанттардың казармалық күн тәртібімен танысуға ниет білдірді.

Оқушыларға тәуліктік нарядтың нұсқаулығын,  казарманың төсектерді жинау бойынша жаттығуын, кешкі асқа сапқа тұруын, нысанды киім-кешегін дайындауын, саптық дайындығын, сонымен қатар КА-47 автоматын құрастыруын және бөлшектеуін көруге  мүмкіндік берілді.

Полиция көмекшілері курсанттың тәуліктік қызметінің мінсіз тәртібін өз көздерімен көріп, әсерлерімен бөлісті.

Оқушылар Академия курсанттарының казармалық өмірімен және күн тәртібімен танысып, Академия басшылығына және қызметерлеріне алғысын білдірді.

Идеологиялық жұмыс
 бөлімшесінің аға инспекторы
полиция капитаны Д. Альжанова