Академияға білім алуға Тәжік азаматтары келді


2017 жылғы 9 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына жылдағы дәстүр бойынша Тәжікстан Республикасынан оқуға түсуге 10 тәжік азаматы келді.

Тәжікстан Республикасынан келген бір топ өкілді Академия басшылығы  қарсы алып, ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында алғашқы сөзді Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Қаппасов алып, келген қонақтарға сәттілік тілеп, Академияның тыныс-тіршілігімен ертеңгі болатын қосымша емтихандармен  таныстырды. Тәжік елінің түкпір-түкпірінен келген талапкерлерге болашақта өз елдерінің мақтанышы болуға одан қалды қазақ елінде жақсы білім алып, екі елдің адал азаматы болуға шақырды.

-Құрметті шалғайдан келген талапкерлер, біздің оқу орнымызға қош келдіңіздер. Біз бүгінгі таңда Қазақстан мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің қылмыстық-атқару саясатын жүзеге асыру аясында екі елдің өзара әріптестік қарым-қатынас жұмыстары жемісті атқарылып жатыр.

Осы уақытқа дейін Тәжік елінен Қостанай академиясына 50 азамат оқуға түсіп, оның 40-тан астамы оқуларын ойдағыдай аяқтап, өз елдеріңізде  жемісті еңбек атқаруда.

Құрметті талапкерлер Сіздердің білім алуларыңызға Академия қабырғасында барлық жағдай жасалған. Тек сапалы білім алып, болашақта үлгілі офицер болуларыңызға тілектеспін, — деді Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Қаппасов.

Ербол Төлегенұлынан кейін Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігі жазаларды орындау бас басқармасы бастығының орынбасары ішкі қызмет генерал-майоры Джумахан Футурович Футуровта сөз алып Академия басшылығы мен ұжымына Тәжік елінің атынан алғысын білдіріп, талапкерлерге сәттілік тіледі.

-Құрметті жерлес талапкерлер, Сіздер бүгін алғаш рет Қазақ елінің жеріне ат басын бұрып, келдіңіздер. Сіздердің міндеттеріңіз алдағы тұрған емтихан сынақтарынан сүрінбей өтіп, Қостанай академиясының курсанты атануларыңызға тілектеспін. Бұл дегеніңіз білімдеріңізді тереңдетіп, мәдениеттеріңізді жоғарлатуға беріліп отырған бақытты сәт деп біліңіздер. Қазіргі таңда екі елдің Президентінің саясаты өте ұқсас. ЕКі Президенттіңде ойлағаны ел қамы, ел тыныштығы, елдің амандығы.

Сондықтан Сіздер өзге елде жүрсеңіздер де Тәжік елінің туын биік ұстап, жаманшылыққа, құқық бұзушылыққа жол бермеу, елдің мақтанышы болуларыңызға тілектестік білдіремін деді, — генерал – майоры Джумахан Футуров.

Кездесу соңында қонақтар академия ұжымына естелік сыйлықтар табыстап, болашақта екі елдің арасында бұдан да тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жасала беретінін  тілге тиек етті.

Академия баспасөз хатшысы  М. Оспанов