Академияның тағылымдамашысы әлем кубогын иеленді

Ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйегінде Анапа қаласында Кикбоксинг спорт түрінен Әлем кубогы болып өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың ішінен Қостанай өңірінің тумасы, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашысы Темірлан Бұғыбайұлы Кабиев 91 келі салмағында 1 жүлделі орынды иеленді.
Кикбоксинг – шығыс жекпе-жек түрлеріне және ағылшын боксына негізделген спорт түрі. Жекпе-жекке деген құмарлық жауынгер қазақтың қанында бар қасиет. Бұл спорт түрі болашақ жастарда патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті бекемдейтін басты күш. Шымыр, шыныққан, білімді, өнегелі Темірлан бүгінде оқу ордамыздың тағылымдамашысы болса, үш айдан соң ішкі істер органының қызметкері болады. Темірланды жеңісімен құттықтап, мерейің үстем болсын, спорттың биік шыңдарын бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне бер демекпіз!

Баспасөз