Академияда «StreetWorkout» қонақта.



Саламатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында қолжетімді «StreetWorkout»  спорт түрін дамыту мақсатында, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай  академиясына екінші рет «StreetWorkout» мүшелерінің «BarsBars» командасы келді.
«StreetWorkout»  спорт түрі жастардың далада таза ауа жұтып, спортпен шұғылданатын спорт түрінің бірі болып табылады. «BarsBars» командасының Академияға келіп кеткеніне, міне 10 ай болды. Осы 10 айдың ішінде «StreetWorkout»  спорт түрін Академияның жедел – іздестіру кафедрасының оқытушысы  полиция капитаны Аян Шаймұханов курсанттарды жинақтап, осы бағытта жетекшілік жасап,  курсанттарға бірнеше оқу – жаттығуларын үйретті. Бүгін міне, спорт алаңында қонақтарымызға курсанттарымыз өздерінің өнерлерін көрсетті.


Академияда білім нәрін иеленіп жүрген курсанттардың бойларында күш-қайрат, қуат-жігер, төзімділік пен шыдамдылықты  қалыптастырып, болашақта полиция қызметкерлерінің Отанын, елін қорғайтын, қырағы тәртіп сақшысы ретінде тәрбиелеуіміз қажет.

«StreetWorkout» спорт түрі әлемге танымал және күннен-күнге осы спортқа баулып, жаттығып жүрген жастарымыздың саны да көбейіп жатыр. Спорт – денсаулық кепілі, демекші спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Біздің Академияда курсанттарымыз спорттың әр түрімен шұғылданып, денелерін шынықтырып, спорт жағынан бірталай жүлделі орындар иеленіп, жеңіске жетіп жатыр.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы О.Уақпаева