Академияда Қазақстан полициясы күні мерекеленді……











Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында «23 маусым – Қазақстан полициясы» күні төл мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Бір сәт, тарихқа көз жүгіртсек, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органы туралы» заңды қабылдады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2007 жылы 5 маусымда 23 маусым кәсіби мереке — Полиция күні туралы Жарлығын жариялаған болатын.
Мерекелік іс-шара Қазақстан тәртіп сақшыларының қызметкерлеріне арналған бейнероликті көрсетумен басталды.
Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов: «Құрметті қызметкерлер, профессорлық-оқытушылық құрам барлықтарыңызды 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 27 жыл толып отыр. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, Сіздер өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы сезім беруге өмірлеріңізді арнап келесіздер. Құқық қорғау саласында жыл сайын білікті мамандар дайындау бағытында тынымсыз еңбек етіп жүрсіздер, осы еңбектеріңіздің арқасында курсанттарымыз бірталай жетістіктерге жетуде. Сіздердің отбасыларыңызға баянды бақыт, шырайлы шаттық, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, барлық бастамаларыңызға шығармашылық табыс, мәнді де сәнді ғұмыр тілейміз! деп, — сөзін тәмамдады.
Іс-шара барысында профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер Ішкі істер министрінің, Академия бастығының бұйрықтары бойынша грамотамен, құрмет грамотасымен, мерзімінен бұрын шен алу, төс белгілерімен, алғыс хаттармен және тағы да басқа марапаттармен мадақталды.
Тамаша іс-шара Департамент полициясы қызметкерлерінің балалары Академияның қызметкерлерін төл мерекемен құттықтап, ән-шашуларын тарту етуімен мерекелік концертке ұласты. Іс-шара соңында естелікке суретке түсті.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы
О.Уақпаева