Академияда ІІО орта буын басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиыны өткізіліп жатыр

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 23-25 желтоқсан аралығында «Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысының негіздері» тақырыбында ПД, ҚАЖД, ТЖД және АМКБ орта буын басшылық құрамымен үш күндік оқу-әдістемелік жиын өткізілуде. Аталған оқу-әдістемелік жиынға 60-тың үстінде Қостанай облысы ішкі істер органдары орта буын басшылық құрамы тартылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» №897 қаулысын жүзеге асыру үшін ІІМ Кадр саясаты департаментімен 2019-2021 жылдарға арналған ІІМ идеологиялық және тәрбие жұмысының жоспары бекітілген болатын. Аталған жоспардың мақсаты-ішкі істер органдарының қызметкерлерінің бойында қазақстандық патриоттық рухты, күнделікті қоғамдық тәртіпті қырағылықпен қадағалайтын, білімді де, кәсіби білікті маман, сабырлы, қажыр-қайратты, халықпен қарым-қатынаста сыпайы және қарапайым, халыққа полиция қызметкерін қорғанышы ретінде көрсете білетін, жаңа форматтағы полиция қызметкерін қалыптастыру.
Үш күндік оқу – әдістемелік жиынның алғашқы күнінде ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің ғылыми қызметкері, отставкадағы полиция полковнигі Болат Каженов, Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов орта буын басшылық құрамының алдында сөз сөйлеп, жаңа форматтағы полиция қызметкерінің қандай болу қажеттілігі туралы айтты.
Сонымен қатар осы күні ішкі істер органдарында тайм-менеджменттің негізі мен әдіс-тәсілдері, тәрбие жұмысын ұйымдастырушылық-құқықтық негіздер, жоспар жұмыстарының мағынасын, жүйесі мен ережесін, бірқатар ІІО қалыптастырудағы полиция туралы ҚР ІІМ бұйрықтарының талаптарына түсінік берді, дәрістер оқылып, практикалық сабақтар өткізілді.

Баспасөз қызметі