Академияда тартымды іс-шара өткізілді

 

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылық 6697 ә/б басшылығы Қостанай облысы ішкі істер органдарының орта буын басшылық құрамына «Жауынгерлік қызмет үздіктерін ұлықтау» іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты — өзара тәжірибе алмасу, сонымен қатар Отанды қорғауға деген жауапкершілікті арттыру, борышты адал атқаруға баулу, себебі елімізге қоғамдық тәртіпті қырағыдай күзететін, дер кезінде тәртіп бұзушылықтың алдын алатын, Отаны алдында адал қызмет атқаратын жаңа форматтағы полиция қызметкерін көрсету.

Іс-шара 6697 ә/б сарбаздарынан құрылған үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуіндегі «Қазақстан офицерлері» әнімен ашылды.
Еліміз бен жерімізді қорғаушы, отанымыздың бейбітшілігі жолында қызмет атқарып жүрген жауынгерлеріміз бүгінгі кештің құрметті қонақтары болды. Олар: 2019 жылғы 2 тоқсандағы қорытынды бойынша команирлердің арасынан үздік шыққан 2 — жеке атқыштар ротасының 4- взвод командирі лейтенант Мурзабеков Д.Д., үздік әскери наряд бастығы лейтенант Борамбаев М.К., 1-атқыштар ротасының қарауыл бастығы лауазымында қызмет жасаған, қазіргі таңда запастағы старшина Садиров Ж.М. отбасылары. Кеш барысында оларға қызмет барысында өткерген қызықты оқиғалары, алға қойған мақсат, міндеттері мен балалық шақтағы армандары туралы бірқатар сұрақтар қойылып, қысқаша өмірбаяндары туралы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара аясында «Мирас» мәдени орталығының әншілері, «Асыл тобы» өнер көрсетіп, «Ақжайық», «Тәуелсіз елдің қызымын» атты әсем әндер шырқалды.
Ұлттық ұланның үздік жауынгерлері 6697 әскери бөлімінің дипломымен, қызметін адал атқарып, еліміздің бейбітшілігіне, қоғамдық тәртіпті күзетуге белсенді атсалысқандары үшін, Қостанай облысы Полиция департаментінің, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды. Кеш соңында «Туған жер» әні орындалды. Кешке қатысушылар қонақтармен естелік суретке түсті.