Академияда жас жауынгерлер курсы басталды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын еліміздің және алыс-жақын шетел жұртшылығы жақсы біледі. Елдің қанық білгенінің арқасында жылда Академияға түсетін курсанттардың саны Ішкі Министрлігі белгілеген бірлікті толықтай орындап келеді. Жылда 200-ден астам курсанттарды дайындап келе жатқан Академия биылда талапкерлерді қабылдауды абыроймен орындап, министрлік қойған талапты бұлжытпай орындады.
Жақында ғана Академияда 2017 жылғы талапкерлерді қабылдау рәсімі аяқталды. Мандаттық комиссияның оң шешімінен кейін оқуға түскен талапкерлер үйлеріне қайтып, бүгін Академияға оралды. Енді олар Академияның оқу-дала лагерінде 15 күндік жас жауынгерлер курсынан өтеді.
Оң мен солын енді ғана танып жатқан, өмір деген үлкен кемеге мінген курсанттар оқу-дала лагерінде 15 күн әскери өмірдің ащы-тұщы дәмін татып, әскери тәртіпке үйренеді.
Міне, бүгін оқуға түскен барлық курсанттар Академияның оқу-дала лагеріне келді. Курсанттармен Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Қаппасов, академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Сергей Бачурин және Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қайрат Айтқұлов кездесті.
Кездесу барысын барлық курсанттарды Академияға оқуға түсулерімен құттықтап, оларға болашақта ақжол тіледі.
-Құрметті курсанттар. Сіздер бүгін еліміздегі ең белгілі білім ошағы Қостанай академиясына оқуға түсіп отырсыздар. Ендігі уақытта Академияның есімін жақсы жағынан шығаруға ат салысыңыздар. Сіздер болашақта еліміздің тыныштығын қорғайтын, ел үшін, жер үшін отқа да суға түсетін елге үлгілі полиция боласыздар. Сондықтан қазірден бастап әскери өмірге үйреніп, 15 күн ішінде құқық бұзушылыққа жол бермей, тәрбиелі де тәртіпті курсант болуларыңызға тілектеспіз, -деді өз жылы лебізінде полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы.
Құттықтаудан кейін оқу-дала лагерінде бірге болатын Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қайрат Жәукенұлы лагердің ішкі және сыртқы тәртібімен таныстырып, жас курсанттарға ақ жол тіледі.
Ендігі уақытта 15 күнге келген курсанттар курсанттық өмірдің мәнін, әскери жарғыларды, жауынгерлік әдіс тәсілдерді үйреніп, барынша жаттығады. Олардың қауіпсіздігіне, күнделікті дәмді астарына, жатын орындарына Академия жауап береді.

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов