Академияда жас жауынгерлер курсы аяқталды

2017 жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-дала лагерінде биылғы бірінші курсқа түскен курсанттар 15 күн бойы жас жауынгерлер курсын ойдағыдай аяқтап шықты. Оқуға жаңа түскен жас курсанттар әскери өмірдің дәмін татып, осы уақытқа дейін қатал тәртіпке, спортқа, мәдениетке, таңертен ерте тұруға қысқаша айтқанда шыдамдылыққа үйреніп, дағдыланды.
Міне, олар үшін 15 күн қас-қағым сәтте өте шықты. Ауылда өскен балалар қолдарына күрек алып өссе, қаланың балалары қолдарына тек қалам ғана ұстап көрген жасөспірімдер, бұл күні күрек пен қаламның орнына автомат қаруын ұстап, түнде кезекшілікке тұрып, ел күзетуді үйренді. Осы жаттықтырулардың арқасында шыдамдылық пен сабырлықтың дәмін сезінді.
Осы білім мен ілімді, әскери оқу-жаттығуды Академияның білікті қызметкерлері адал үйретіп, жарты айдың ішінде бір отбасының баласындай бауыр басып, өмір кешті.
Енді бүгін, дәлірек айтсақ 29 тамыз күні 35 шақырым жерде орналасқан Академияның оқу-дала лагерінен Академияның бас ғимаратына 250 курсант және 30 шақты офицер мырзалар жедел жүгіріспен жүгіріп келді.
Бұл жылдағы дәстүрге айналған спорттық шара жас курсанттарға берер пайдасы мол. Біріншіден шыдамдылыққа, сабырлыққа үйретсе, екіншіден бір-бірінің қадірін білуге үйретеді. Курсанттардың бойына отансүйгіштік сезімді ұялата отыра оларды жақсы шыдамды болуға жаттықтырады.
35 шақырымды артқа тастап, Академия табалдырығын аттаған курсанттарды Академияның саптық алаңынды Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Қаппасов және Академияның тұрақты және ауыспалы құрамы, ата-аналар салтанатты түрде күтіп алды. Салтанатты кездесуде Ербол Төлегенұлы барша курсанттарды жаңа оқу жылымен және жас жауынгерлер курсын ойдағыдай аяқтауларымен ең бастысы ертеңгі тойланғалы отырған Қазақ елінің ата заңы мерекесімен құттықтады.
— Құрметті офицер мырзалар, курсанттар және ата-аналар! Сіздерді ертеңгі тойланғалы отырған Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасыға мызғымас бірлік, ұйымшыл тірлік тілеймін.
Ал бүгінгі 35 шақырымды жедел жүгірістен аман есен келіп отырған курсанттарға әрдайым сәттілік тілеймін. Бұл Сіздердің шыдамдылықтарыңызды, ұйымшылдықтарыңызды, сабарлы екендеріңізді білдіреді. Сабыр — адам бойындағы асыл қасиет. Адамның ұстанымдылығын, инабаттылығын, қаншалықты тәрбие көргендігін көрсетеді. Сабырлық ар, ұждан, ынсап негізінен құралған. Осы қасиеттер адам бойында болса, онда ол адам өзін-өзі сыйлайтын, жанындағы адамдарды сыйлайтын азамат. Сабырлылық өз ісінің пәктігіне сенімді, ниеті түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарайтын адамға тән қасиет. Ал немқұрайлық және еріншектік сабырлыққа қарама-қарсы қасиеттер. Сондықтан Сіздер бүгін осы қасиетті бойларыңыздан көрсете білгендеріңізге Академия басшылығының атынан ризашылығымды білдіремін. Алдағы білім күні құтты болсын, — деді өз жылы лебізінде Академия бастығының міндетін атқарушы Ербол Төлегенұлы Қаппасов.
Топпен жүгірген курсанттар қанша жерден шаршаса да бойларында намыстары оянып, бір-бірінен қалмауға тырысты. Бұл дегеніңіз курсанттардың болашақта қандай қиыншылық болса да төтеп беретіндіктерін дәлелдей түсті.
Кездесу соңы Конституция күніне және бірінші курсқа түсуші курсанттарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Салтанатты жиында Академияға еңбегі сіңген кейбір қызметкерлер мараппатталды.

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов