Азаптауларға жол жоқ

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде 2020 жылға арналған арнайы алғашқы оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсының жоспар-кестесіне сәйкес 2020 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпаны  аралығында  ҚАІІБ орта басшылық құрамымен «Адам құқығы» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
2020 жылдың 29 қаңтарында Ұлттық алдын алу тетігінің Қостанай облысы бойынша тобының жетекшісі А.К. Сергазинова Академияның жалпы заң пәндері кафедрасымен бірлесіп «Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлері» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.

ЖЗП кафедрасы бастығының орынбасары
полиция майоры
М. Смагулов