Адам құқықтары: біліктілікті арттыру курстары

Адам құқықтары – бұл тұлғаның бостандығын көрсететін құрылымдық қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтайды және оның өмірінің, қоғаммен, мемлекетпен, басқа да тұлғалармен байланысының бөлінбес және қажетті тәсілдері мен шарттары болып табылады.
Қазақстан үшін адам құқықтарының түсінігі зор. Қоғам өміріндегі, адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстарды дамытудағы, тұлға мен мемлекет арасындағы байланыстардың ерекше маңызы қоғамдық қатынастарды үйлестіруге және тәртіпке келтіруге мүмкіндік беретін осы әрекеттердің жалпы заңдылығын анықтайды.
Қазақстанның әр облысынан жиналған Полиция департаменттерінің қызметкерлеріне бір апта бойына «Адам құқықтары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Өткізілген курстар ішкі істер органдары қызметкерлерінің адам құқықтарын сақтау саласындағы құқықтық санасын қалыптастыруға, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің өзін-өзі ұстау нормаларын игеру шеберлігіне әсер етеді.

Курс соңында Қостанай академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Е.Т. Каппасов біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына сертификаттар табыс етті.

Б. Нуркина
БАжҚДИ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры