Адам құқықтары бойынша дәріс

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 9-14 қыркүйек аралығында «Адам құқықтары» тақырыбы бойынша қалалық (аудандық) полиция бөлімдерінің орта басшы құрам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті.

Осы курста Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бойынша халықаралық бюроның Қостанай облыстық филиалының директоры, азаптаулардың алдын алу бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің Қостанай облысы бойынша қатысушысы М.Ахметбекова ханым дәріс сабағын жүргізді.

МҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
М.Смагулов