«Адам құқықтарын азаматтық-құқықтық қорғау» тақырыбы бойынша тренинг

2020 жылдың 28 қаңтарында жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А. Ақылбекова біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушыларымен «Адам құқықтарын азаматтық-құқықтық қорғау» тақырыбы бойынша тренинг өткізді.
Өткізу мақсаты — өз құзыреттіліктерін жүзеге асыру кезінде ІІО қызметкерлерінің этикалық және заңды мінез-құлқының қажеттілігіне сенімділікті тәрбиелеу, сондай-ақ кәсіби міндеттерін орындау кезінде полиция функцияларын іске асыру дағдыларын үйрету.
Тренинг барысында тыңдаушылар қарастырылған жағдаятты тапсырмаларды белсенді орындап, өздерінің тәжірибесінде болған оқиғалармен салыстыра алды.

Жалпы заң пәндері кафедрасының
аға оқытушысы, полиция майоры
А. Ақылбекова