Абай-дана, Абай-дара қазақта

Абай Құнанбаев ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Ұлы Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, 2020 жылдың 7 ақпанында кураторлық сағат аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы алғашқы кәсіби даярлық курсы 2 — тобының тыңдаушыларымен «Абай-дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс — шара кезінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқа видеобейне мен презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар топ ішінен Бекмұхамбетов Ғабит пен Сәбитбек Әмірхан ақынның өлеңдерін жатқа оқыса, Нұрмахан Әкімбай қара сөздерін оқыды. Асанов Бахытақынның «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Тыңдаушылар Ұлы ақынның шығармашылығын сусындап, іс — шарадан жақсы әсер алды.

2-топтың кураторы
полиция майоры Танкибаева А.К.