БІЗДІҢ ГЕНЕРАЛДАРЫМЫЗ!

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі,

құқықтану доценті, ішкі қызмет генерал-майоры

Талап Кабденұлы Кабденов.

1945 жылдың 15 мамыр айында Қазақ КСР Орал облысы Жәнібек ауданы Жәнібек а. (БҚО) туған.  Кабденов Т.К. соғыстан кейінгі  өмірінің ауырлығы Орал қ. пансионында өтті. Бүгінгі таңда бұл С.Сейфулин атындағы №11 қазақ арнайы мектеп-интернаты.

1963 жылдың қыркүйек айында мектеп түлегі Талап Кабденов Атырау қ. мұнай өндіруші зауыт цехіне оператордың көмекшісі болып орналасады.               Осы жылы жоғары білім алуға белін бекем буып, Шымкент қ. Қазақ химия-технологиялық институтына түседі. Алған білімін тәжірибеде бекіту үшін дипломы бар маман Шымкент химия-фармацевтикалық зауытына барып, онда 1968 жылдың тамыз айынан бастап 1970 жылдың шілде айына дейін ауысым бастығы, зауыт диспетчері лауазымдарында жұмыс жасайды.

Қоғамдық және іскерлік белсенділігі, зауыттың жас жұмысшылары арасындағы зор беделі оны комсомол бағыты бойынша жұмысқа жоғарылатты.  1970 жылдың шілде айында оны нұсқаушы етіп бекітеді, ал 1971 жылдың шілде айында Шымкент қалалық комитетінің екінші хатшысы етіп сайлайды, ал 1972 жылдың қыркүйек айында Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалады.

Құқық қорғау органдары қызметіне Талап Кабденұлы Қазақстан КП Шымкент облыстық комитеті бюросының шешімімен ұсынылады да, 1973 жылы 28 жасында ол Шымкент ІІБ облыстық атқару комитетінің кадр аппаратының басшысы болып тағайындалады.

1980 жылы Т.Кабденов КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай және ойдағыдай бітіреді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында Талап Қабденұлы орта және аға басшы құрамдарының әртүрлі лауазымдарында  30 жылға жуық қызмет атқарды:

 1973 жылдың маусым айынан бастап 1980 жылдың маусым айына дейін

Шымкент ІІБ облыстық атқару комитетінің  кадр аппаратының басшысы;

1980 жылдың маусым айынан бастап 1992 жылдың шілде айына дейін КСРО ІІМ милиция және басшы құрамын даярлайтын Шымкент арнайы орта мектебі бастығының бірінші орынбасары;

 1992 жылдың шілде айынан бастап 1996 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ милиция және басшы құрамын даярлайтын Шымкент арнайы орта мектебінің бастығы;

1996 жылдың мамыр айынан бастап 1998 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебінің бастығы

1998 жылдың сәуір айынан бастап 2002 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтының бастығы

Оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбегі сіңген қызметкер құрметті атағы берілді.

 Т.К.Кабденов – кеңпейілді, әрі шексіз еңбекқор жан,  Отанымызға аянбай еңбек етуге өзін толықтай арнаған адам.

___________________________________________________________________________________

Профессор, заң ғылымдарының кандидаты, полиция генерал-майоры

Мирлан Ахмедияұлы Қызылов.

1968 жылы 20 қыркүйекте Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген.   

1985 жылдың 19 наурызынан бастап 1986 жылдың 13 қазанына дейінгі аралықта Қарағанды облысы Шет АІІБ жанындағы ВТК бөлімінің күзетшісі;

1986 жылдың 16 қазанынан бастап 1988 жылдың 16 қарашасына дейін Қарулы күштер әскерінің қызметінде;

1989 жылдың 6 наурызынан бастап 1990 жылдың 9 қаңтарына дейін

Қарағанды қаласы Ленин аудандық атқару комитетінің ІІ бөлімі жанындағы ВТК бөлімінің милиция ротасының милиционері;

1990 жылдың 9 қаңтарынан бастап 1991 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қарағанды қаласы Ленин аудандық атқару комитеті кадрлар тобының жауынгерлік және дене  дайындығы бойынша нұсқаушысы;

1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1995 жылдың 22 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЖМ тыңдаушысы;

1995 жылдың 22 шілдесінен бастап 1996 жылдың 5 наурызына дейін өзекті әкімшілік-құқықтық мәселелерді өңдеу жөніндегі бөлімнің ғылыми қызметкері;

1996 жылдың 5 наурызынан бастап 1997 жылдың 19 маусымына дейін Қарағанды облысының ҚІІБ жанындағы Бақылау жөніндегі басқармасының жергілікті жерлерінде есірткі және күшті әсер ететін заттардың таралуын бақылау жөніндегі бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға жедел уәкілі;

1997 жылдың 19 маусымынан бастап 1998 жылдың 16 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы МТК ҚЖМ әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы;

1998 жылдың 16 ақпанынан бастап 1998 жылдың 18 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЖМ Ақмола заң колледжінің әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы;

1999 жылдың 1 қазанынан бастап 2002 жылдың 17 қазанына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы;

2002 жылдың 17 қазанынан бастап 2006 жылдың 7 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының доценті;

2006 жылдың 7 қарашасынан бастап 2008 жылдың 6 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы бастығының орынбасары;

2008 жылдың 6 қыркүйегінен бастап 2014 жылдың 24 мамырына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2014 жылдың 24 мамырынан бастап 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы;

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап құрмет демалысына шықты.

Полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың тікелей қатысуымен 2014 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді.

Мирлан Ахмедияұлы Қызыловқа кемеңгерлік, бай өмірлік тәжірибе, жайдарылық сияқты қасиеттер тән. Білікті басшы, еліктеуге тұрарлық адам, көптеген офицерлер мен курсанттарға үлгі.