4 курс

Болашаққа жаңа қадам басқан жас сарбаздар үшін офицерлік құрам үлгі болып табылады. Олар өздерінің қажыр-қайратымен,біліктілігімен курсанттардың  жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, отанын сүюге, тыңғылықты болуға, мемлекеттің мүлігін ұқыпты қорғауға тәрбиелейді.Әрі одан ары кәсіби қызметінде қажетті машықтар мен шеберліктерді үйретеді. Сержанттық құрамды бағыныштылармен тәжірибеде қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Бұқаралық спорттық іс-шараларды бақылайды және оларга белсенді қатысады.

4 курс бастығы

полиция майоры Асхат Мустапаевич Примкулов

Асхат Мустапаевич ҚР ӘдМ ҚАЖК Академиясының 2009 жылғы түлегі. 2009-2015 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде бірқатар лауазымдарда қызмет атқарған. 2015 жылдың қазанынан бастап ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қызмет атқаруда.

Курс бастығының орынбасары

полиция майоры Азамат Тынбаевич Альназаров

ҚР ІІМ Барибек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында сырттай оқыған. ІІшкі істер министрлугунуң үздігі болып табылады. 2017 жылдан бастап ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қызмет атқаруда.

4 курс жеке құрамы «Құқық қорғау қызметі», «Педагогика және психология» «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша  білім алуда. Біздің академияымызда тек қана біздің елдің азаматтары ғана емес,өзге ұлт өкілдері де білім алып  жатыр.  4 курс жеке құрамында тәжік ұлтының азаматтары да білімін жетілдіруде.

Курсанттар барлық талаптарға сәйкес  оқуға түсіп, 2017 жылдың тамыз    айында “Жас жауынгер” курсына  келді. Жаңа тәртіппен, жаңа өмірдің бастауы болған, қызықты да қиың кезеңдерді курсанттар осы жерден сезінді. Екі жұма ішінде өздеріне берілген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға, нарядтарды, саптық адыммен жүруді, жаңа адамдармен жұмыс жасауды үйреніп, курсанттық өмірдің алғашқы баспалдақтарына қадам  басты деп толық айтуға болады.Сол баспалдақтардың бірі де бірегейі курсанттардың ант қабылдау сәті болды.Ант қабылдап, бойларына ерекше күш пен жігерді арқалаған курсанттар академиядағы қиын да қызықты күндеріне тез сінісіп, үйреніп кетті.

2017 жылы қабылданған курсанттар Академияға келген күннен бастап, өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді. Оқу кезеңі барысында курсанттар өздерін оқуда, ғылыми жоба мен спортта көрсетіп,  ерінбестен еңбек етіп, түрлі деңгейдегі жарыстардан жүлделі орындар иеленіп, курстың намысын лайықты дәрежеде қорғап жүр. Олар өздеріне салауатты өмір салтын, еңбек және қызметтік тәртібін, ішкі жұмыс кестесі ережелерін сақтауда

Қазіргі сәтте 4-курс курсанттары ішкі істер органдарында қызметке тағайындалып, өндірістік тәжірбиеден өтуде.

Тел: 8 (7142) 26-49-16 (1-76, 2-72)