Өмірбаян. Ахан Жақыпбекұлы Нұрышев

Нұрышев Ахан Жақыпбекұлы — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі 1978 жылы 17 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1999 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы болды.

2013 жылы — ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті.

2013-2015 — ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы.

2015-2021 — Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары.

2021-2022 — ҚР ІІМ КҚПД ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының бастығы.

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары.