Бакалавриат

Құрметті қашықтан оқуға түсуші кандидаттар!

 Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы (бұдан әрі – Академия) кандидаттарды оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқуға түсуге шақырады.

Кандидаттарды оқуға қабылдау Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы білуге арналған әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Академияға оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау 1 маусымнан            1 шілдеге дейін жүргізіледі.

Қашықтан оқытуға жоғары заңгерлік емес білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қабылданады.

Кадр қызметтері Академияға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:

1) қызметкердің баянаты (еркін түрде);

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелді) 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

3) оқуға жіберу туралы ұсынымы бар қызметтік мінездеме (еркін түрде);

4) жеке куәлігінің көшірмесі;

5) білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) өлшемі 3х4 см алты фотосурет болуы қажет.

Қызметтегі ІІО қызметкерлері қатарынан оқуға кандидаттар медициналық куәландырудан және дене шынықтыру дайындығын тексеруден босатылады.

Қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы оқу орындарына қашықтан оқытуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурс арқылы жүргізіледі.

Әңгімелесу сұрақтарының үлгі тізбесі:

ҚР Конституциясы

Құқық қорғау қызметі туралы заңы бойынша сұрақтар

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы заңы бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша сұрақтар тізімі

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі