2017 жыл

Мұрағат:

Оқытушы – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары заңгерлік (маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы
Өтілі: нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес мамандығы бойынша салада 3 жылдан кем емес
Жасы: 35 жастан аспаған, саптық қызметке жарамды, ер адамға бойы 170 см кем емес, әйел адамға 165 см кем емес, Қарулы Күштерде қызмет өткеру (ер адамдар үшін).

Оқытушы – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары филологиялық (маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы
Өтілі: нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес мамандығы бойынша салада 3 жылдан кем емес
Жасы: 35 жастан аспаған, саптық қызметке жарамды, ер адамға бойы 170 см кем емес, әйел адамға 165 см кем емес Қарулы Күштерде қызмет өткеру (ер адамдар үшін).

Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары (маман) немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы
Өтілі: 1 жылдан кем емес.
Жасы: 35 жастан аспаған, саптық қызметке жарамды, ер адамға бойы 170 см кем емес, әйел адамға165 см кем емес, (ер адамдар үшін) қарулы күштерде қызмет ету лазым.
Қосымша талаптар: үміткердің зерттеу жұмысына бейімділігі, сонымен қатар эмпириялық деректерді іздеу және жинау, ақпараттарды талдау және өңдеу, теориялық және қолданбалы қорытындыларды қалыпқа келтіру дағдысы болуы қажет.

Оқытудың инновациялық технологиялары мен техникалық құрылғылары бөлімшесі инспекторы -1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары кәсіби (техникалық).
Өтілі: мамандығы бойынша 2 жылдан кем емес.
Жасы: 35 жастан аспаған, саптық қызметке жарамды, ер адамға бойы 170 см кем емес, әйел адамға 165 см кем емес Қарулы Күштерде қызмет өткеру (ер адамдар үшін).

Отоларинголог-дәрігер (азаматтық қызметкер) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары кәсіби (медициналық)
Өтілі: мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес.

Жүргізуші (азаматтық қызметкер) — 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары немесе орта (орта кәсіптік)
Өтілі: мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Академияның кадр жұмысы бөліміне келесі тізім бойынша берілген құжаттарды ұсыну қажет:
1) арыз (1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш);
2) сауалнама (2 қосымшаға сәйкес сауалнама бойынша);
3) өз қолымен жазылған және басылған түрде толтырылған өмірбаян (3 қосымшаға сәйкес бойынша);
4) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (қолда бар болса);
6) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (қолда бар болса);
7) үміткердің соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімінен мінездеме;
8) 3х4 см өлшемдегі 4 фото сурет;
9) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
10) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
11) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

Үлгі жүктеу

Конкурс өткізілетіні туралы жарияланғаннан бастап қажетті құжаттарды 10 күн жұмыс уақытында тапсыру қажет: Қостанай қ., Абай даңғылы 11, кадр жұмысы бөлімі
Байланыс телефоны: 25-50-93 (қосымша 170)