4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Құрметті әріптестер! Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік рәміздер — біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі болып табылады.  Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, туымыздың мәртебесі биік өрлей берсін! Рәміздер күні құтты болсын!