4-курс курсанттарымен өндірістік практика бойынша кездесу өткізілді

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 4-курс курсанттарының қатысуымен ZOOM алаңында өндірістік практика бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында курсанттармен өндірістік практикадан өту туралы әңгімелесу жүргізілді.
Жалпы өндірістік практиканы өту бойынша туындаған барлық сұрақтар қойылып, курсанттар өздерінің мамандықтары туралы, үлкен қызығушылықтары бар екендігін, практикада әр түрлі құжаттармен жұмыс жасайтындарын, практика жетекшісінің барлық нұсқауларын уақытында орындайтындарын айтып, сонымен қатар жасалынған жұмыс туралы күн сайын және мұқият түрде күнделік жүргізу, практика өтіп жатқан орынның жұмыс тәртібін сақтау, өзінің жұмысын жоспарлау, оны «күнделікке» белгілеу және талдау, көрсетілген мерзімде тапсырмалардың орындалғаны жайында практика жетекшісінің алдында есеп беру туралы тағы да басқа атқаратын жұмыс түрлерін атап өтті. Курсанттар өздерінің төрт жылғы алған білімдерін жоғары дәрежеде көрсетіп жатқандары туралы тілге тиек етіп, Академия оқытушыларына үлкен алғыстарын білдірді.

ІІО-да әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі         
Ш. Садыханова