3-курс курсанттары арасында волейболдан іріктеу сайысы өткізілді!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына байланысты 3-курс курсанттары арасында волейбол спорт түрінен ұлдар мен қыздар арасында іріктеу сайысы өткізілді.
Волейбол – volley — «қалқып ұру», ball — «доп» деген сөзден шыққан, негізін қалаушы Уильям Дж. Морган бұл ойынды «Минтонет» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. Қазақстанда волейболдан алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. Қазақстанда волейбол ХХ ғасырдың 60-жылдарында жақсы дамыды.
Басшылық құрамның ең негізгі мақсаты – курсанттарды жан-жақты тәрбиелеу, қандай спорт түрі болмасын белсенділігін арттыру. Курсанттардың демалыс уақытындағы бос уақыттарын ұтымды пайдалану, тәрбиелік нышанда, қызықты да көңілді өткізу-курс басшысының негізгі алға қойған мақсаттарының бірі.
Сайысымыз өз мәресіне жетіп, жүзден жүйрік болған, сайымызда шебер ойын көрсеткен спортшылар мен команда құрамалары марапатталды. Жалпы қорытынды бойынша 306-оқу тобы жеңімпаз атанып, курс атынан Академия құрамына кірді. Алдағы уақытта курсанттарға сәттілік, жігерлілік, спортта биік шыңдардан көрініп, білімде және ғылымда өжет болуын тілейміз!

3-курс бастығы
полиция майор
А.Примкулов

3-курс курсанты
полиция кіші сержанты
Г.Максетова