3-курс курсанттарымен патриоттық тақырыптағы тәрбиелік іс-шарасы өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс бастығының ұйымдастыруымен 3-курс курсанттары акт залында бас қосты.
Жиналыс барысында қылмыстық, қылмыстық-атқару және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Г.Кажикова сөз бастады. Алдағы уақытта ҚАЖ мекемесіне танысу тәжірибесінен өтетін курсанттарға тәжірибенің мақсаты мен маңыздылығын айтып, сонымен қатар өту тәртібімен таныстырды. Тәрбие бөлімінің бастығы полиция майоры Р.Аужанов курсанттарға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға байланысты тәрбие сағатын өткізді. Себебі ертеңгі үміт өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліктілігіне, білімділігіне байланысты. Аталған іс-шарада курсанттарға алдағы уақытта кездесетін қиындықтарда орынды, нақты шешімдер қабылдау, үлгілі шен таққан офицерлерден тағылым алу, бойдағы қателіктерді уақтылы түзетіп отыру туралы өнегелі дәріс оқылды.

3-курс бастығы
полиция майоры
В.В.Заварыко

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
Г.Максетова