Қостанай академиясына Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Рашад Утеуов пен Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Канат Сартов келіп, жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасының жұмысымен танысты.

Сапары аясында қонақтар Қостанай академиясын аралап, Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметі мен қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадрлар даярлаудың жаңа форматтарымен танысты. ҚАЖ мекемесіндегі нақты жедел-қызметтік жағдайды модельдеуге мүмкіндік беретін кешенді оқу полигоны мен музей көрсетілді.

Сонымен қатар қонақтарға Нельсон Мандела ережелерінің ғылыми-білім беру орталығы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Халық қаһармандары Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы мен Дархан Базарбаевтың аудиториясы көрсетіліп, таныстырылды.

Костанайскую академию посетили заместитель начальника Департамента полиции Павлодарской области полковник полиции Рашад Утеуов и заместитель начальника оперативно-криминалистического отдела Департамента полиции Павлодарской области подполковник полиции Канат Сартов.

В рамках визита гости посетили Костанайскую академию, где ознакомились с новыми форматами подготовки кадров для местной полицейской службы и уголовно-исполнительной системы, реализуемыми в рамках Дорожной карты по модернизации органов внутренних дел. Был продемонстрирован комплексный учебный полигон и музей, позволяющий моделировать реальную оперативно-служебную ситуацию в учреждении УИС.
Также гостям был представлен научно-образовательный центр Нельсона Манделы, лекционные залы имени народных героев Газиза Байтасова и Дархана Базарбаева, погибших при исполнении служебных обязанностей.