ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың Қазақстан полициясы күнімен құттықтауы

Ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесінің барлық ардагерлерін, қызметкерлерін және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін, ведомстволық оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке — ішкі істер органдары қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне, ерлігі мен батырлығына, Отанға қызмет етудің үздік дәстүрлеріне деген жоғары құрмет.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап құқықтық тәртіп органдары мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қойылған міндеттерді табысты орындап келеді.
Күндіз-түні қазақстандық полицейлер қылмысқа қарсы аяусыз күрес жүргізіп, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда.
Осындай маңызды және жауапты мемлекеттік міндеттерді шешу барлық қызметкерлерден мінсіз қызметтік және жеке қасиеттерді талап етеді.
Алдағы уақытта да ішкі істер органдарының әрбір қызметкері азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өздерінің қызметтік парызын адал және үлгілі атқаратынына сенім білдіремін.
Бүгінгі күні ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге және даңқты дәстүрлерді сақтауға елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін.
Қызметтің күрделілігіне түсіністіктері, шыдамдылық пен қолдаулары үшін біздің қызметкерлердің отбасы мүшелерініңәрқайсысы құрметке лайық.
Осындай атаулы күні қаза тапқан әріптестер мен жолдастарымыздың есімдерін еске алмау мүмкін емес, олар Ант пен қызметтік міндеттеріне адал болып, елдегі тәртіп пен тыныштықты сақтау үшін өмірлерін қиып, құрбан болды.
Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Поздравляю всех ветеранов, сотрудников органов внутренних дел, уголовно-исполнительной системы, военнослужащих Национальной гвардии, слушателей и курсантов ведомственных учебных заведений с профессиональным праздником – Днём казахстанской полиции.
Этот праздник дань уважения самоотверженному труду, мужеству и героизму сотрудников органов внутренних дел, лучшим традициям служения Родине.
С первых дней независимости органы правопорядка успешно выполняют поставленные задачи по обеспечению стабильности в государстве и охране общественного порядка.
Днем и ночью казахстанские полицейские ведут непримиримую борьбу с преступностью, стоят на защите конституционных прав и свобод граждан.
Решение этих значимых и ответственных государственных задач требует от всех сотрудников безупречных служебных и личных качеств.
Уверен, что и впредь каждый сотрудник органов внутренних дел будет образцово и честноисполнять свой служебный долг, обеспечивая покой и безопасность граждан.
В этот день выражаю особыеслова благодарности ветеранам, внесшим весомый вклад в становление и развитие органов внутренних дел, воспитание молодых сотрудников и сохранение славных традиций.
Отдельного уважения за понимание, терпение и поддержку заслуживают и члены наших семей.
Не могу не вспомнить имена погибших коллег и товарищей, кто до конца остался верным присяге и служебному долгу, отдав самое дорогое ради сохранения правопорядка и спокойствия в стране.
Поздравляя с юбилейной датой – 30-летием казахстанской полиции желаю всем крепкого здоровья, семейного благополучия и успехов вслужбе на благо нашей Родины – Республики Казахстан.