Алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары үшін Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті криминалистикалық бөлімінің бас криминалисті Нұржан Бердіғұловтың қатысуымен тәжірибелік сабақ өткізілді.

— Сабақтың тақырыбы — «Сотқа дейінгі тергеу барысында адамның сыртқы келбетінде деректерді пайдалану» білім алушылар үшін өте пайдалы және танымды болды, — дейді қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Ботагоз Арстанбаева.

Нұржан Жақсылықұлы өз жұмысының ерекшелігі, кәсіби қызметтегі жағдайлар туралы айтып берді, сондай-ақ тыңдаушылармен әңгіме барысында «Қағаз жүргізу тетіктерінің іздері бойынша ұйымдастыру техникасы құралдарын сәйкестендіру»тақырыбын талдады.