Қостанай академиясының ұйымдастыруымен өткен ІІО 30 жылдығына арналған «Полиция – студенттер шығармасында» онлайн конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурсқа облыс орталығы колледждерінің студенттері қатысты. Олар шығармаларында полицияның бүгіні мен ертеңі, қашанда ел тыныштығын, бейбіт адамдар өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен тәртіп сақшылары аз емес екенін және олардың есімдері ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Қаламқас Қаби иеленді. Ал шығармасының ерекшелігімен аталған оқу орнының 3-курс студенті Дана Молдабек алғыс хатпен марапатталды.
Қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз!

Конкурс «Полиция – студенттер шығармасында» посвященный 30-летию ОВД определил победителя. Им стала студентка 3 курса Костанайского педагогического колледжа Каламкас Каби.

В конкурсе приняли участие студенты колледжей областного центра. В своих произведениях они отметили, что полицейские это те люди, которые бесстрашно встают на пути нарушителей закона, нередко рискуя собой, защищают жизнь и достоинство людей. Они в любую минуту готовы прийти на помощь тем, кто попал в беду.

По итогам конкурса І место занял студент 3 курса Каламкас Каби. Также благодарственным письмом начальника Академии отмечена студентка данного колледжа Дана Молдабека.
Благодарим всех студентов за активное участие в конкурсе!