Қостанай академиясының басшылығы курс тыңдаушыларына алғашқы кәсіби даярлықтан табысты өтулеріне тілек білдірді.

— Қазақстанның барлық облыстарынан келген тыңдаушылар Академияда алғашқы кәсіби даярлықтан өтіп, тиісті полиция бөлімшелері мен қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқару үшін қажетті бағыттар бойынша қосымша білім алады, — деді Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов. — Мұнда әрқайсыңыз арнайы техникамен және құралдармен кәсіби жабдықталған орталықтар мен кафедраларда, сондай-ақ спорт кешендерінде, тир мен полигондарда қажетті білім, білік пен дағдыға ие боласыздар.

Сіздерге оқуда табыс тілейміз!
Кездесу барысында тыңдаушылардың назарын қызметтік тәртіптің сақталуына аударды.