Қостанай қалалық сотының судьясы Бақытгүл Алтынсарина «МКҚБ жеке құрамымен жұмыс психотехнологиясы» санаты бойынша біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін «Медиацияға кіріспе және жанжалды жағдайларды реттеу дағдылары» тақырыбы бойынша оқу сабағы барысында медиация рәсімінің ерекшеліктері, оның артықшылықтары, жанжалдарды шешудің қолданыстағы практикасына және құқықтың түрлі салаларында, құқықтан тыс даулар саласында әсері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, сабақ барысында тыңдаушылар психологиялық жаттығулардың көмегімен келіссөздер, ынтымақтастық арқылы жанжалды жағдайларды шешіп, жанжалдағы мінез-құлық стилін таныды. Бейнероликтерді қарау арқылы келіссөздер кезінде қолдануға болатын әдістер талқыланды.

Сабақ қорытындысы бойынша тыңдаушылар оқу сабағының арқасында Қазақстан Республикасындағы медиация институты мәселелері бойынша ақпараттарын кеңейткенін атап өтті.