Бүгін ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алаңында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» республикалық бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына қала мектептерінің ең үздік оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді.

Салтанатты іс-шараға Академияның басшылығы, қызметкерлері, курсанттары, Қостанай қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 130-ға жуық 5-9 сынып оқушылары қатысты.

-Сіздер бүгін жаңа белеске қадам басып, еліміздің болашығының өркендеуіне үлес қосады деген сенімдемін. Сіздер еліміздің болашағысыздар, мүмкін болашақ офицерлерсіздер. Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға шын жүректен тілектеспін-деп атап өтті Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Салимгерей Каракушев.

Курсанттар балаларға дзюдо, қазақша күрес, самбо спорт түрлерінен өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар жасұландықтар мен жасқырандықтар өлең айтып, би биледі.

Іс-шара барысының ең маңызды сәті, «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымына жаңа қабылданған балалардың мойындарына Қостанай академиясының қызметкерлері көгілдір түсті галстуктерді байлап, төсбелгілерін тақты.

Сегодня на плацу Костанайской академии МВД имени Ш. Кабылбаева состоялась торжественная церемония приема лучших учащихся школ города в ряды республиканской единой детско-юношеской организации «Жас Ұлан» и «Жас Қыран».

В торжественном мероприятии приняли участие руководство, сотрудники, курсанты Академии, 130 учащихся 5-9 классов общеобразовательных школ города Костанай.

—  Сегодня вы вступаете в новый этап своей жизни, вы-будущее нашей страны, возможно, будущие офицеры. От всей души желаю вам стать достойными гражданами нашей суверенной страны, — отметил заместитель начальника Академии полковник полиции Салимгерей Каракушев.

Курсанты показали школьникам свое мастерство по дзюдо, казакша курес, самбо. Жасулановцы и жасқырановцы пели песни и танцевали.

В завершении мероприятия сотрудники Костанайской академии повязали галстуки синего цвета и вручили нагрудные знаки вновь принятым ребятам в ряды детско-юношеской организации «Жас Ұлан» и «Жас Қыран».