Қостанай академиясының қызметкері «Ахмет оқулары» байқауында 2-орынға ие болды.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қырық мысал» жинағы негізінде өткен «Ахмет оқулары» байқауында ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының кабинет бастығы полиция лейтенанты  Асем Сарлыбаева IІ орынға ие болды.

 

Байқаудың мақсаты орталық тыңдаушылары арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру, оны кеңінен насихаттау, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін шыңдау, күнделікті өмірде, қызметте мемлекеттік тілді қолдануға және мәдениетті сөйлеуге ынтасын арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру болды.

Байқау қатысушылары дипломдар, алғыс хаттар және кітаптармен марапатталды.

 

Асем Ауезханқызын жеңісімен құттықтай отыра, қызметтік жолында сәттілік тілейміз!

Сотрудник Костанайской академии Асем Сарлыбаева  заняла 2 место в конкурсе «Ахмет оқулары».

В областном центре обучения языкам «Тілдарын» управления культуры акимата Костанайской области на конкурсе «Ахмет оқулары», посвященном 150-летию Ахмета Байтурсынова, начальник кабинета кафедры административной службы ОВД лейтенант полиции Сарлыбаева Асем заняла ІІ место.

 

Целью конкурса было повышение статуса и значения государственного языка среди слушателей центра, его широкая пропаганда, расширение знаний о жизни и творчестве Ахмета Байтурсынова, повышение мастерства и стиля речи на государственном языке, повышение мотивации к использованию государственного языка и культурной речи в повседневной жизни, деятельности, формирование языковой среды.

Участники конкурса были награждены дипломами, благодарственными письмами и книгами.

 

Поздравляем Асем Ауезхановну с победой!