Имидждік және идеологиялық жұмыс бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Дана Альжанова Ұлы Отан соғысына қатысқан атасы жайлы баяндайды

Атам Әбділдә Рахманұлы 1906 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Илтай ауылында дүниеге келген. Жоғары білім алып, 1930 жылдары Батпаққара ауданына келіп, аудандық партия және аудандық атқару комитетінде қызмет істеген.

1930-33 жылдары асыра сілтеудің салдарынан халықтың көбісі аштықтан қырылып, аман қалғандары тарыдай шашылып, басы ауған жаққа қанғи бастайды. Аудандық партия комитеті аштық кезінде халық арасында болуды бір топ қызметкерлерге жүктейді. Солардың ішінде атамыз Әбділдә Рахманұлы және т.б. аштықпен күресумен бірге серіктестік ұйымдастыруға күш салады.

Батпаққарада ауыр жылдары көзге түскен атам 1937 жылы нағыз қуғын-сүргін жылдары Торғайға прокурор қызметіне жіберіледі.  1937 жылдан 1942 жылға дейін ауыр жылдары бастан өткізеді.

1942 жылы соғысқа аттанады. 1944 жылы 20 ақпанда Украина жерінің Хмельнецский облысы, Дунаэвецский аймағындағы ұрыстардың бірінде қаза тауып, сол жерде жерленді.

Атамның ерлігін мәңгі ұмытпаймын!