ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Имидждік және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ляззат Нуралина Ұлы Отан соғысының ардагері, нағашы атасы жайлы.
Нағашы атам –Рамазан Керімбаев 1925 жылы 10 наурыз күні бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1942 жылы желтоқсан айында 10-шы сыныпта оқып жүргенінен соғысқа алынады.

1943 жылы Благовещенск қаласындағы жоғарғы мергендер училищесін бітіріп, снайпер ретінде «Балтық жағалауы» әскери округіне жіберіледі.
1943-1945 жылдар аралығында фашистік Германияға қарсы күресте Литва, Латвия, Эстония, Карелияны азат етуге қатысып, Германияға дейін барады. Германиядағы соғыс аяқталғаннан кейін1945 жылы Жапонияға қарсы Манчжурияны, Сахалин аралдарын жапондықтардан азат етуге қатысады. 1950 жылы мамыр айында әскери қызметін аяқтап, елге оралады.

Соғыстағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы орденімен, Гвардия төс белгісімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», Маршал Г.К.Жуковтың және де басқа көптеген медальдарымен марапатталды.
1975 жылдан 1994 жылға дейін Семей облысы Ақшатау совхозында әр түрлі басшылық қызметтерде жұмыс атқарып, 1985 жылы зейнеткерлікке шығады.
2015 жылдың қазан айында нағашы атам 90 жасқа толып өмірден озды. Атамыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз!