12 сәуір Қазақстанда ғылым қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бүгінгі мерекемен Ғылыми-зерттеу орталығы мен Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерін құттықтаймыз!
Қостанай академиясының Ғылыми-зерттеу орталығы тұрақты негізде Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметіне ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады.
Орталықтың негізгі міндеті ішкі істер органдарының, атап айтқанда ҚАЖ қызметін жетілдіруге бағытталған іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулерін жүргізу болып табылады.
Өткен жылғы жұмыс шеңберінде ҒЗО қызметкерлері бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарға құқықтық көмек көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. «Қазақстан Республикасындағы ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың ұйымдық-құқықтық аспектілері» ғылыми зерттеуінің нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындады және 30-дан астам ғылыми мақалалар жариялады.

12 апреля в Казахстане свой профессиональный праздник – День работников науки – отмечают представители научной среды. Поздравляем наших коллег научно-исследовательского центра и отдела организации научно-исследовательской и редакционно-издательской работы.
Научно-исследовательский центр Костанайской академии на регулярной основе осуществляет внесение предложений в национальное законодательство и практическую деятельность правоохранительных органов Республики Казахстан.
Основной задачей центра является проведение фундаментальных, прикладных и поисковых научных исследований направленных на совершенствование деятельности органов внутренних дел и в частности УИС.
В рамках работы за прошедший год сотрудниками НИЦ были разработаны методические рекомендации по оказанию правовой помощи осужденным в местах лишения свободы, подготовлена аналитическая справка по результатам научного исследования «Организационно-правовые аспекты организации трудовой занятости осужденных в учреждениях УИС в Республики Казахстан» и опубликовано более 30 научных статей.