Қазақстан ІІМ делегациясы Грузияға барды.
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің делегациясы Грузияның ішкі істер министрлігінде болды. Еліміздің Ішкі істер министрлігінің кадр қызметі мен ведомстволық оқу орындарының қызметкерлері өздерінің грузин әріптестерінің ведомстволық білім беру жүйесін ұйымдастыру мәселелерін зерттейді.
Атап айтқанда, қазақстандық құқық қорғаушылар Грузияның ІІМ Академиясы, ІІМ қызмет көрсету агенттігі, Бірыңғай сервис орталығы және Грузия ІІМ орталық аппаратының бірқатар департаменттерінің қызметімен танысты.
Сондай-ақ, осы сапар барысында Тбилиси қаласының Полиция департаментіне, 112 қоғамдық Қауіпсіздік басқармасының Жедел орталығына бару жоспарлануда.
Бұл сапар БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп іске асырылып жатқан “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын реформалауға жәрдемдесу” жобасы шеңберінде ұйымдастырылды

Делегация Министерства внутренних дел Казахстана посетила МВД Грузии.
Сотрудниками кадровой службы и ведомственных учебных заведений МВД РК были изучены вопросы организации системы ведомственного образования своих грузинских коллег.
В частности, казахстанские правоохранители на месте ознакомились с деятельностью Академии МВД, Агентства по оказанию услуг МВД, Единого сервисного центра и ряда департаментов Центрального аппарата МВД Грузии. Также планируется посещение Департамента полиции города Тбилиси, оперативного центра управления общественной безопасности “112”.
Визит организован в рамках проекта “Содействие в реформировании органов внутренних дел Республики Казахстан” реализуемого совместного с Управлением ООН по наркотикам и преступности.