Қостанай академиясының тыңдаушыларына құмар ойындары туралы түсінік берілді.
Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Назгул Турсумбаева «Құмар ойындарға құмартпа» тақырыбы шеңберінде топтың құмар ойын туралы ойларын ортаға салып, одан аулақ болуға және қауіпті құмар ойындары туралы баяндады.
Осы тақырып аясында Н. Турсумбаева «Өмірлік құндылықтардың маңыздылығы» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл тренингте әр қатысушы 8 өмірлік құндылықтарды ретімен жазып, соған байланысты құндылықтардың адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, әр қатысушы өзіне маңызды құндылықтарды айқындай білді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты ашық талқылау болды.
Қатысушылар тренингке белсенді қатысып, өз ойларын жеткізе білді, құмар ойындарға құмартпай аулақ болу адам өмірінде маңызды екендігі айтылды.

Старший преподаватель кафедры профессионально-психологической подготовки и управления ОВД капитан полиции Назгуль Турсумбаева рассказала слушателям об азартных играх, об опасности, которую влечет за собой данное увлечение.
В рамках данной темы Н. Турсумбаева провела тренинг на тему «Важность жизненных ценностей». В ходе тренинга все участники последовательно записывали 8 жизненных ценностей, исходя из чего психолог давал поэтапный расклад, насколько важны ценности в жизни этого человека. Каждый участник определил те ценности, которые ему важны.

Алмат ОРАЗОВ, 6 оқу тобының кураторы полиция лейтенанты