ІІО тұлғалар тарихы: Күлжанова Гүлбарам Темірханқызы

Адалдық, ісіне деген сүйіспеншілік, батырлық пен батылдық ұғымына тән қасиеттер Гүлбарам Темірханқызы Күлжанованың бойынан табылады.
Көпбалалы отбасында дүниеге келген Гүлбарам Темірханқызы бүгінде Кәсіби даярлық факультетінің бастығы, Академияның Оқу-әдістемелік, ғылыми кеңестерінің мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, отставкадағы полиция полковнигі 25 жыл ғұмырын ішкі істер органдары саласына арнады. Мұғалімнен ІІО полковник дәрежесіне дейін жетті.

1997 жылы алғаш ішкі істер органдарындағы қызметін ІІМ Қостанай жоғары мектебінде философия және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады. Оған дейін 6 жыл жалпы білім беру мектебінде мұғалім болып қызмет жасады. Бірқатар оқу құралдарының авторы, халықаралық және республикалық конференцияларда, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, РФ БҒМ Жоғары аттестаттау комиссиясы, Scopus, Web of Science ұсынған басылымдарда 50-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, сонымен қатар философия, әлеуметтану саласында 7 оқу құралын жазды.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2003 жылдың ақпан айында «Философия» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды. Қазіргі таңда да Ресей Федерациясында докторлық десертацияны жазу үстінде.

Қостанай академиясына көптеген қошеметке бөлеген Гүлбарам Күлжанова, құрметті демалысқа шыққаннан кейін де өзінің әріптестерімен бірге қызмет етуді жалғастырып келеді. Талай білікті мамандарды даярлауға үлесін қосып, оқытушыдан бастап факультет бастығы дәрежесіне дейін көтерілді.

Жұмыстан тыс уақытында философиялық, психологиялық кітаптарды оқығанды ұнатады, сондай-ақ йога және жүзумен айналысады. Бауырларымен жиі бас қосып, қуанышты күндерді еске алады.
Ол ішкі істер органдарындағы қызметін ерекше еске алады. Өзінің ең алғаш білім жолын бастаған мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный педагогикалық училищесіне және ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына үлкен алғысын білдіреді.

Гүлбарам Темірханқызы қызметі барысында бірнеше рет көтермеленді. ҚР Ішкі істер министрінің, Қостанай қаласы әкімінің екі мәрте Құрмет грамотасымен, «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Шырақбек Қабылбаев», «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған, мерзімінен бұрын «Әділет подполковнигі» атағын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамоталарымен мадақталды.

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы