ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, жеке құрамы, ардагерлері мен курсанттары белгілі сазгер, Қазақстан Республикасы композиторлар Одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай қаласы және Аманкелді ауданының Құрметті азаматы, Қостанай облысы меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының 3 дүркін лауреаты, дарынды әнші-сазгер, жерлесіміз Қалибек Деріпсалдинді 69 жас туған күнімен шын жүректен құттықтайды.

Деніңіз сау, отбасыңыз аман, ғұмырыңыз мәнді де сәнді болсын. Шаңырағыңыздан шаттық пен бақ береке үзілмесін!
Қ. Дерипсалдин ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 1997 жылдан бастап музыкалық жетекші лауазымында қызмет етті. 1998 жылы Қостанай заң институтында ұлт-аспаптар ансамблін құрды. 1999 жылы ұлт-аспаптар ансамблі Петропавл қаласында өткен Қазақстан Республикасы ІІМ көркем өнерпаздар арасындағы республикалық байқауына қатысып, І орынды иеленді. Қ. Дерипсалдин Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасыммен марапатталған.

Ағамыздың жетекшілігімен құрылған Академия қабырғасындағы домбырашылар ансамблі – «Шырақбек ата» хоры әлі күнге дейін жұмыс істейді.

Қалибек ағамыз Қостанай академиясының «Шырақбек аға» әнұранын жазды. Ол әнұран бүгінгі күні облысымызда өтетін ірі мәдени іс-шараларда орындалып жүр. Ағамыздың Академияның дамуына қосқан зор үлесі.

Сонымен қатар Қ. Дерипсалдин көп жылдар бойы әндер жинағын жазып, оның ішінде «Қимадым ғой» қазақ халықтық аспаптарына ән партитурін және 16 әртүрлі жанрлармен екі кәсіби аудиодискісін шығарды. Ол Қазақстан Республикасының халық әншілері мен әртістері орындайтын 150 әннің және 5 күйдің авторы.