Жоғары білімнің заманауи парадигмалары
Педагогикалық шеберлік мектебінің екінші жыл қатысушыларына Пробация қызметі мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция полковнигі Райгуль Мухтабаева «Кәсіптік білім берудің заманауи парадигмалары» тақырыбында сабақ өткізді. Тәжірбиелік сабақ барысында білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы ол білім, біліктілік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру керек екендігі қарастырылды.

Сабақ соңында курсқа қатысушылар кәсіби даярлық пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейін, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін қарастырды. Өйткені осының нәтижесінде болашақта оқушыларға сапалы білім бере алатыны сөзсіз.
Оқу-әдістемелік орталығы