ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.
Естелік турнирге Халық Қаһарманының ұлы Арманжан Әбдібеков қатысты.
Төрешілер әр командаға жолдастық кездесуде сәттілік тіледі. Ойын өте тартысты әрі қызықты болды. Академия қызметкерлерінен құралған үш команда үздік атағы үшін бақ сынады. Полицейлер жақсы дене дайындығы мен мықты спорттық дағдыларын көрсетті.
Арманжан Әбдібеков Академия басшылығына ерлікпен қаза тапқан әкесін еске алғаны үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде дене шынықтыру даярлығы кафедрасы батырдың ұлы А.Әбдібековке спорттық футбол киімі мен допты сыйға тартып, «Турнирдің үздік ойыншысы» грамотасын табыс етті.

Турнир по мини-футболу памяти капитана полиции Газиза Байтасова проведен в Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева.
В памятном турнире принял участие сын Халык Кахарманы Арманжан Абдибеков.
Судьи приветствовали участников встречи и пожелали удачи в товарищеской встрече.
Игра получилась очень насыщенной и интересной. Три команды из числа сотрудников Академии боролись за звание лучшей. Полицейские продемонстрировали хорошую физическую подготовку и достойные спортивные навыки.
Арманжан Абдибеков поблагодарил руководство вуза за внимание и дань памяти героически погибшего отца.
В свою очередь кафедра физической подготовки подарила сыну героя А.Абдибекову футбольную амуницию, мяч и вручила грамоту «Лучший игрок турнира».