Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы ашылды.
Атаулы залдың салтанатты ашылуына Ғ. Байтасовтың ұлы Арманжан Әбдібеков келді. Іс-шараның құрметті қонағы облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев болды.
Халық қаһарманының ұлы өз сөзінде басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзін құрбан еткен әкесінің және басқа да полицейлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, Академия түлектерінің Отанға адал және кәсіби қызмет ететініне сенім білдірді.

— Мен алғаш рет Қостанай қаласына келдім, — деді Арманжан Ғазизұлы. — Академия басшылығы мен ұжымына дәл осы жерде менің әкемнің есіміне арналған дәріс залының ашылғанына алғысымды білдіргім келеді.
Өз кезегінде Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов дәріс залы еліміздегі ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының курсанттары мен тыңдаушылары оқитын жалғыз зал болып табылатынын айтты. Ғазиз Байтасов атындағы аудиториядағы сабақтар курсанттарға патриоттық тәрбие беруге, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға қызмет етеді.

Іс-шара барысында қатысушылар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ қонаққа ҚАЖ кешенінді оқу полигоны мен «Полиция бөлімі» полигоны көрсетілді.
Арманжан Әбдібеков Қостанай академиясының қызметкерлеріне әкесін еске алуға арналған қоғамдық іс-шараға шақырғаны үшін алғысын білдірді: — Әкемнің қазасынан бері көптеген жылдар өтті. Ол өз міндетін адал орындай отырып, ерлікпен қайтыс болды. Әкемнің бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалмақ!

В канун Дня Независимости нашей страны в Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева состоялось открытие лекционного зала имени Халык Кахарманы Газиза Байтасова.
Для торжественного открытия именного зала приехал сын Г.Байтасова – Арманжан Абдибеков. Почетным гостем мероприятия стал заместитель начальника ДП области Ардак Ынтыкбаев.
В своем выступлении сын Народного героя отметил, что подвиг его отца и других полицейских, пожертвовавших собой ради сохранения жизни других людей, никогда не забудется, и выразил уверенность, что выпускники Академии будут служить Родине честно и профессионально.
— Я впервые посетил город Костанай, — сказал Арманжан Абдибеков. — Хочу выразить благодарность руководству Академии, за то, что именно здесь память о моем отце сохранена навсегда именным лекционным залом.

В свою очередь начальник Костанайской академии полковник полиции Нурлан Биекенов рассказал о том, что лекционный зал является единственным в нашей стране, где будут обучатся курсанты и слушатели кафедры административной деятельности ОВД. Занятия в аудитории имени Газиза Байтасова послужат патриотическому воспитанию курсантов, формированию их гражданской позиции.
В ходе мероприятия участники почтили минутой молчания память погибших при исполнении служебных обязанностей сотрудников полиции. Также гостю были продемонстрированы комплексный учебный полигон УИС и полигон «Отдел полиции».

Арманжан Абдибеков поблагодарил сотрудников Костанайской академии, за приглашение на общественное мероприятие памяти его отца:
— Прошло много лет как отца не стало, он погиб героической смертью, выполняя свой долг, но память о нем живет, и это главное!

Пресс-служба Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева