«Отбасылық құндылықтар психологиясы» психологиялық ағарту апталығы аясында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлеріне «Отбасы мақтанышы» тақырыбында әңгіме жазу берілген болатын. Назарларыңызға Академия қызметкерлерінің жазған шығармаларын ұсынамыз!

Ата-ана– бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата-ананы қадірлеу керектігі ерекше әспеттелген демекші,мен идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің бастығы полиция майоры Ляззат Маратовна Нуралина «Отбасы мақтанышы» тақырыбында өзімнің ата-анам туралы мақала жазғалы отырмын.
Менің әкем Марат Нуралинович Садвакасов 7 маусымда 1958 жылы Торғай облысы Октябрьский ауданы Түбек ауылында дүниеге келді.
1979 жылы Арқалық педагогикалық пединститутының физика-математика факультетін бітіріп, сол жылы жолдамамен Амантоғай ауданы Рассвет орта мектебіне мұғалім болып тағайындалды. 1982-1986 жылдары сол мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі, 1987-1993 жылдары оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі, 1994-1997 жылдары мектеп директорыболып қызмет етті. 1997-2007 жылдары Қостанай ауданы Семенов орта мектебіне директоры болып тағайындалды. Денсаулық жағдайына байланысты 2008-2018 жылдары физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2018 жылдан аурудың салдарынан жұмыстан шықты. Қазіргі уақытта зейнетте. Қызмет бабында әкем көптеген марапатқа ие болды, Қазақстанның үздік мұғалімі атағының иегері, талай шәкірттердің бағын ашып, ұжымда сыйлы құрметті кісіге айнала білді.
Анам –Камшат Рамазановна Керимбаева,16 ақпанда 1958 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Арқалық педагогикалық пединстутының физика-математика факультетін бітірді.Сол жылы жолдамамен Амантоғай ауданы Рассвет орта мектебіне мұғалім болып тағайындалды. Анам балабақша, тәрбие ісінің меңгерушісі, әлеуметтік педагог болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта анам зейнетте.
Ата-ана – балаға жарық дүние есігін сыйлап, оны өсіріп тәрбиелеуші, өмірдің бір кірпіші болып қалануына септігі тиетін жандар.
Осындай алтын ата-анам барына мың да бір шүкір. Әрқашан маған демеу болып, менің өмірде адаспай жол табуыма, жетістіктерге жетуіме тілектес адамдар болса, соның бірден-бірі – менің ата-анам. Мен олармен әрқашан мақтанамын. Асқар таудай әкем – менің тірегім. Менің- қамқоршым. Өмірде жол сілтеп, тәрбие беріп отырған әкеме сансыз мадақ айтамын. Анам-менің жүрегім, менің-тілекшім, менің-жанашырым, менің –баға жетпес асыл қазынам. Маған осындай керемет жандарды сыйлаған Аллаға шексіз ризамын!