ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары Қостанай қаласы Полиция басқармасы қызметін ұйымдастырудың аға инспекторы полиция лейтенанты Асем Ерденовамен бірлесе «Қауіпсіз жол!» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді.

Аталған шараның негізгі мақсаты жол апаттары және оның салдарын ескерту, қоғамдық көлікпен жолаушылардың тәртіп ережелері мен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Нәтижесінде қала тұрғындары мен жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері оларды жол қауіпсіздігін бұзбауға шақырды.

Автор: Абзал ӘБДӘЛІ,Мақсат ЖҰМАШЕВ,
ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушылары