ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында үш күнге жалғасқан ауқымды іс-шара өз мәресіне жетті.
Шараның алғашқы күні АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің сарапшылары, ғалымдарымен бірге ғылыми конференция өтсе, екінші күн апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған Нельсон Мандела ережелерінің ғылыми-білім беру орталығының ашылу салтанатымен басталды.
Үшінші күні АҚШ, Германия, Словения, Болгария және Қазақстан елінің сарапшылары мен құрметті қонақтары сараптамалық кездесуде бой көрсетіп, «Сабыр мен еңбек бәрін жеңбек» тақырыбындағы байқауды тамашалап, үздіктерді анықтады.

Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекенов, қонақтарға алғысын білдіріп, Словения Әділет министрлігі пробация басқармасы хатшысының орынбасары Эмануэль Банутай мен ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., профессор Қуат Рахимбердинге «Құрметті Профессор» атағын табыстады. Торбен Адамс, Аксель Янсен, Эмануэль Банутай, Надя Радковска, Йорг Лоренцке қазақтың ұлттық шапаны жабылып, «Ұлы Жібек Жолы» және «Қазақ халқының ұлттық киімдері» атты кітаптары тарту етілді.

-Қостанай академиясымен алдағы уақытта бірталай жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Біз сіздермен бірге серіктес болғанымызға қуаныштымыз-деп атап өтті бағдарламаның халықаралық үйлестірушісі Торбен Адамс.

В Костанайской академии МВД им. Шракбека Кабылбаева завершился ряд мероприятий, который продолжался на протяжении трех дней.
В первый день мероприятия прошла научная конференция с экспертами, учеными из США, России, Кыргызстана, Таджикистана и Казахстана.

Второй день начался с церемонии открытия научно-образовательного центра правил Нельсона Мандела, лидера антиапартеидного движения. В третий день эксперты и почетные гости из США, Германии, Словении, Болгарии и Казахстана встретились на экспертной встрече, приняли участие в конкурсе «Терпение и труд всё перетрут» где определили лучших.

Начальник академии полковник полиции Нурлан Биекенов, поблагодарив гостей, вручил заместителю секретаря Управления пробации Министерства юстиции Словении Эмануэлю Банутаю и члену Общественного совета МВД, д.ю.н., профессору Куату Рахимбердину звание «Почетный Профессор».
Торбен Адамс, Аксель Янсен, Надя Радковска, Йорг Лоренц были одеты в казахский национальный наряд шапан, также им были презентованы книги «Великий Шелковый путь» и «Национальная одежда казахского народа».
— Уверен, что в дальнейшем мы реализуем ряд проектов с Костанайской академией. Мы рады сотрудничеству! -отметил международный координатор программы, штаб-квартира Управления ООН по наркотикам и преступности Адамс Торбен