Бүгін Академия қабырғасында «Экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстары үшін сотталғандарды қоса алғанда, жоғары тәуекел тобына кіретін сотталғандармен жұмыс бойынша пенитенциарлық жүйе және пробация қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері» бойынша сараптамалық кездесу өтті.
Кездесуге АҚШ, Германия,Словения, Болгария және Қазақстан елінің сарапшылары қатысты. Модератор ретінде Пробация қызметі мамандарын даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі Райгуль Мұхтабаева сөз сөйледі.
Кездесу барысында шетелдік сарапшылар пенитенциарлық мекемелер мен пробация қызметінің қызметкерлерін іріктеу және даярлау жөніндегі халықаралық құжаттар, күнделікті қызметте тәуекелдерді бағалауды пайдаланатын қызметкерлерді даярлау, қаупі жоғары сотталғандармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерлерді даярлау тәжірибесі, Қырғызстан ҚАЖ қызметкерлерін оқыту қажеттілігін бағалау нәтижелері талқыланды.
Академия қызметкерлері, магистратура және докторантура тыңдаушылары Словения, Болгария және Германия тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды.

Сегодня в стенах Академии состоялась экспертная встреча на тему «Повышение квалификации сотрудников пенитенциарной системы и службы пробации по работе с осужденными, входящими в группу повышенного риска, включая осужденных за преступления экстремистского и террористического характера».
В мероприятии приняли участие эксперты из США, Германии,Словении, Болгарии и Казахстана. Модератором выступила начальник Центра подготовки специалистов Службы пробации полковник полиции Райгуль Мухтабаева.
В ходе встречи были обсуждены международные документы по отбору и подготовке сотрудников пенитенциарных учреждений и службы пробации, подготовка сотрудников, использующих оценку рисков в повседневной деятельности, опыт подготовки сотрудников, осуществляющих работу с осужденными высокого риска, результаты оценки необходимости обучения сотрудников УИС Кыргызстана.
Сотрудники Академии, слушатели магистратуры и докторантуры получили возможность ознакомиться с опытом Словении, Болгарии и Германии.