ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Мұрат Баймұқашев келді.

Сапары аясында Мұрат Қалибекұлы Қостанай академиясын аралап, Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметі мен қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадрлар даярлаудың жаңа форматтарымен танысты. ҚАЖ мекемесіндегі нақты жедел-қызметтік жағдайды модельдеуге мүмкіндік беретін кешенді оқу полигоны көрсетілді.

Сонымен қатар, қонаққа асхана, казармалар, жақында ашылуы жоспарланған Нельсон Мандела ережелерінің ғылыми-білім беру орталығы, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Халық қаһармандары Ғазиз Байтасов атындағы ЖПҚ дәріс залы мен Дархан Базарбаевтың аудиториясы, пенитенциарлық жүйеде пробация қызметінің мамандарын даярлау, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандандырылған және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаев,Талап Қабденов атындағы дәріс залдары таныстырылды.
Министрдің орынбасары оқудың жаңа форматының сапасымен, білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен танысты. Сонымен қатар Академияда жүзеге асырылған жобаларға оң бағасын беріп, алдағы іске асырылатын бастамаларға сәттілік тіледі.
Академия бастығы Нұрлан Биекенов жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, алдағы уақытта да көп істің атқарылатынын жеткізді.

Заместитель министра внутренних дел РК генерал-майор полиции Мурат Баймукашев посетил Костанайскую академию МВД им.Ш.Кабылбаева.

Здесь он ознакомился с новыми форматами подготовки кадров для местной полицейской службы и уголовно-исполнительной системы, которые реализуются в рамках Дорожной карты по модернизации органов внутренних дел.
Заместителю министра продемонстрировали комплексный учебный полигон, позволяющий моделировать реальную оперативно-служебную обстановку в учреждении УИС, столовую, казармы где проживают курсанты и слушатели. Также генерал-майор посетил научно-образовательный Центр Правил Нельсона Мандела, лекционные зала МПС имени Халык Кахарманы Газиза Байтасова и аудитории Дархана Базарбаева, погибших при исполнении служебных обязанностей, открытие которых планируется в скором времени.

Наряду с этим, М.Баймукашеву показали специализированные центры по подготовке специалистов службы пробации, противодействия экстремисткой идеологии в пенитенциарной системе.
Заместитель министра дал положительную оценку реализованным в Академии проектам и пожелал успехов в дальнейших реализуемых инициативах.