Қостанай академиясының кәсіби даярлық факультетінің 4-курс курсанттарына ЛА-155/6 мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Ернар Каныбекович Сабитов онлайн дәріс өткізді.

Дәріс сабағы «Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу» тақырыбында өткізілді.Тәжірибелік қызметкерлер болашақ офицерлерге жалпы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алуды, мекемелердің атқаратын қызметтері мен өз қызметтерінің бағыты бойынша ақпарат берді.
Осы сипатты кездесулердің тәрбиелік мәні де зор екені белгілі. Аға буынға қарап өскен курсанттардан болашақта жақсы маман, нағыз офицер шығатыны сөзсіз.

Аманат МҰРАТ
ҚҚжЖОҮ кафедрасының аға оқытушысы
полиция капитаны